2024-03-29 13:38:16
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Еңбекші ауданында атауы жоқ және атауы ескірген 76 көшеге тақтайшалар ілінді

Еңбекші ауданында атауы жоқ және атауы ескірген 76 көшеге тақтайшалар ілінді
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы орталық көшелер мен тұрғын алаптардағы атауы жоқ және моральдық тұрғыда атауы ескірген жетпіс алты көшеге атау берілді. Аталған көшелерге жаңа үлгідегі QR коды бар тақтайшаларды ілу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы жиырма сегізінші ақпандағы тапсырмасына сәйкес елімізде идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су, дәстүрлі атауларымен өзгерту, ономастикалық атауларға кісі есімдерін беруге мейлінше шектеу қою тапсырмасы аясында орындалып отыр.
Мысалы, бұрынғы Перов көшесі – Қасқабұлақ, ал Глинка көшесі – Қайыңдыкөл болып жаңарды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар ағымдағы жылы өткізілетін ҚР ұлттық санағын тиімді әрі жоспарлы өткізуге мүмкіндік береді. Себебі тақтайшадағы QR кодты тұрғындар ақпараттық көмек құралы ретінде пайдалану мүмкіншілігі мол.
Айта кетейік, Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде үш жүз жиырма бес көшеге атау берілген болатын.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР