2021-10-27 06:34:32
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Еңбек» бағдарламасымен кәсібін дамытқан

«Еңбек» бағдарламасымен кәсібін дамытқан 1

Елімізде жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» бағдарламасының іске асып жатқанына биыл төртінші жыл. Аталған бағдарламаның арқасында кәсіпкерлер кәсібін дамытып жатса, жаңадан кәсіп бастаймын деген азаматтар қайтарымсыз грантқа ие болып келеді.

Солардың ішінде қоқыс қалдықтар шығару қызметімен айналысатын Шымкент қаласындағы «ЕР-Нур» ЖШС-гі төменгі пайызбен несие алып, жұмысына қажетті қондырғы сатып алды. Мекеме директоры мемлекеттік бағдарлама шеңберінде «Нұрбанк» АҚ арқылы арнайы техниканы сатып алу үшін жылына 6%-бен несие алады. Кепілдің жетіспейтін сомасын «Даму» қоры өз кепілдемесімен толықтырды.

Бөлінген қаражатқа кәсіпкер XCMG фирмасының 2 фронтальды (жүк) тиегішін сатып алды. Соның арқасында кәсіпкер қатты қалдықтар шығару көлемін арттырып, нарықтағы қызметін сенімді көрсете алады.

Кәсіпорын басшысы Алпамыс Макулбековтың айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктер – шағын және орта бизнестің тынысын ашады. Яғни, қатты қалдықтарды шығару бойынша ұсынылатын қызметтердің жоспарлы көлеміне қол жеткізуге және нарықтан лайықты орын алуға мүмкіндік берді-дейді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР