2024-03-29 12:03:30
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Build stroy» ЖШС-нің демеушілік есебінен көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

«Build stroy» ЖШС-нің демеушілік есебінен көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы Еңбекші ауданында іске асырылуда.

Ауданда «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында 56 көпқабатты үйдің аулаларын жаңартуға бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда 24 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылуда.

Қалған үйлердің аулаларында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекесі қарсаңында қала әкімінің орынбасары М.Исаховтың қатысуымен Ш.Уалиханов көшесінде орналасқан 225, 225а, 227, 227а көпқабатты үйлердің аулаларындағы балалар ойын алаңшасын және тренажер, стрит воркаут алаңшаларын тұрғындардың пайдалуына тапсырылды.

Сонымен қатар, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында «Build stroy» ЖШС-нің демеушілік есебінен көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ауыз су бұрқақтары орнатылды және «Ғажайып бақ» атты тұрғындарға арналып демалыс орны мен бақша құрылды. Бақшаны құрудағы мақсат балаларға гүл, ағаш, басқада көшеттер отырғызып, тәлім-тәрбиелік бағытта еңбекке баулу.

2022 жылы абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында жүргізіледі.

Байкен Аширбаев

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР