2024-04-20 03:53:08
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Биыл Шымкентте 90 мың дана ағаш көшеті отырғызылды

Биыл Шымкентте 90 мың дана ағаш көшеті отырғызылды

Қаланың экологиялық жағдай жақсарту мақсатында 976 гектар жер учаскесіне 90 000 дана ағаш көшеті отырғызылды.

Бұл туралы Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев мәлімдеді.

Осы жылы қалада ауаның ластануы жоғары 10 аймаққа автоматтандырылған бекеттер орнату қарастырылған. Қалада атмосфера ластануының негізгі көзі жылыту жүйелерінің жұмысы толық жолға қойылған. Жақында өнімділігі сағатына 250 000 м3 болатын 3-ші автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы аяқталады.

Сонымен қатар қалада газбен жүретін жаңа автобустардың қатары көбейген. Ал автомобиль газ толтыру компрессорлық бекетінің құрылыс жұмыстары аяқталған соң, аталған қоғамдық көліктердің саны едәуір арта түспек.

«А.Асқаров» атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК-ның директоры Ғани Қарабеков саябақ аумағында тал егуді бір жүйеге қою жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Бұл өзгерістер экологиялық эксперттік мамандармен бірлесе жүзеге асып отыр.

Айта кетейік, аталған саябақта 406 түрлі ағаш-бұта өседі. Бұл ретте гендік қорын көбейту мақсатында көлемі 1,5 гектар тұқымбақ пен көлемі 0,03 гектарды құрайтын жылыжайда 108 түрлі ағаш-бұтаны тұқымынан және жасыл қаламша арқылы өсіру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР