2022-08-18 11:35:54
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Биыл 190 нысанда жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Үшінші мегаполисте көлік инфрақұрылымын дамытуда бірқатар ірі жобаның құрылысы жүргізілуде. 2022 жылы қалада 190 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың жалпы ұзақтығы 352 шақырымды құрайды. Бұл туралы қала әкімі Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеген еді.

Қала әкімінің есебінше, сонымен бірге, қазір 2 жолайырық салынуда. Биыл Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесіндегі жолайырық толық пайдалануға беріледі. Ал құрылысы жылдың басында басталған Арғынбеков-Бәйдібек би көшелерінің қиылысындағы жолайырық келер жылы аяқталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 3 жолайырық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде, қаладағы жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 2022 жылғы 64,7 пайыздан 2025 жылы 79 пайызға жетеді деген жоспар бар.

Сонымен бірге, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін жеке инвестор есебінен әуежайға жаңа терминал салынуда. Құрылыс аяқталған соң, жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2000 адамға дейін өседі.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, қаламыздың ішкі орам көшелерін асфальттау қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның бірі — Әл-Фараби ауданы аумағына кіретін «Сәуле» шағын ауданындағы Жаңабазар көшесі тупик 1,2, Марқакөл көшесі және Мұратбаев көшесінің жалғасы. Арнайы әзірленген сметалық құжаттамаға сәйкес, ұзындығы 1,9 шақырым жолға жауапты мердігер мекеме «Базис К» ЖШС асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласында әуе көлігі жолаушыларына қолайлы жағдай жасау үшін жеке инвестор есебінен әуежайға жаңа терминал салынып жатыр. Құрылыс аяқталған соң, жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2000 адамға дейін өседі.

Шымкентте өткен жылдың қорытындысы бойынша  қаланың Жалпы өңірлік өнімі 2,6 трлн теңгеден асқанын, экономикалық өсім 5,4%-ды құраған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР