2024-03-29 05:38:12
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Белгіленбеген орында сауда жасаған тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Белгіленбеген орында сауда жасаған тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Шымкент ҚПД Қаратау АПБ қызметкерлері «Таза қала» іс-шарасы аясында Сайрам тұрғын үй алабы, Ю.Сайрами көшесінің бойындағы белгіленбеген орында сауда-саттық жасап жатқан ретсіз сауда орындарын анықтады.
Ретсіз саудамен айналысып жатқан тұлғаларға, абаттандырылған аймақты ластаған азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасады.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аталған орындағы ретсіз сауда-саттықты жою мақсатында аудандық әкімдік өкілдерімен бірлесе тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіп келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР