2024-04-25 10:50:34
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Баға тұрақтылығы жіті бақылауда

Баға тұрақтылығы жіті бақылауда

Агроөнеркәсіпті дамытудың кешенді ұлттық жобасына сәйкес, мегаполис ауыл шаруашылығын 2 бағытта өркендету жоспарға қойылған. Ол егіс даласын әртараптандыру болса, екіншісі жеке қосалқы шаруашылықты кооперация шеңберінде ілгерілету. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, бүгінде осы бағыттар бойынша тиісті жұмыстар қолға алынуда.

Сонымен бірге, жеке қосалқы шаруашылықтардың сапасын арттыру мақсатында қала шетінде орналасқан үйіргелік жерлерге көкөніс пен сұранысқа қажетті басқа да өнімдерді егу, сөйтіп отбасылық табысты молайту және жұмыссыздық санын азайту көзделіп отыр. Кооперацияны алға бастыру үшін қала аумағында жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіріп, жылына қуаттылығы 20 мың тонна бройлер етін өндіретін құс фабрикасын салу жоспары тұр.

Бұдан бөлек, қалада жайылым жерлер аз болғандықтан озық технологиялы гидропоника әдісі ендірілетін болады. Ол жабық кеңістікте 2 келі астық дәнін сеуіп, 7 күнде 12 келіге дейін мал азықтық дақылын алуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс арқылы алынған мал азықтық дақылдарының құнарлылығы өте жоғары болады, өнімділік де арта түседі.

Жыл басынан бері Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 116 пайызға жетті. Баға тұрақтылығы жағынан үшінші мегаполис республикалық рейтингтің 9 орнында тұр. Мегаполисте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары құнын тұрақтандыруға қатысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, соның аясында өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының жауапты өкілі Қайрат Базарбаевтың айтуынша, өңірлік тұрақтандыру қорына жергілікті бюджет есебінен 7,7 млрд.теңге бөлінді. Қаладағы «Magnum Cash&Carry», «Gramad» секілді ірі сауда желілерін азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Шымкент құс» ЖШС, «Қасқасу-С» және «Бәйтерек» шаруа қожалықтары,  ЖК «Темиршиков», «Дос» ЖШС, ЖК «Сәлін Тимур» тағы сол сияқты жергілікті тауар өндірушілері мен ірі бизнес субъектілеріне 5,4 млрд. теңгеге жуық қарызға айналым қаражаты беріліп, тиісті келісімшарттар түзілді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР