2024-04-25 17:10:03
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Антына адал дәрігер

Антына адал дәрігер
Ағилаш Тілеулес – 30 жылдан бері неврологиялық ақауы бар балаларды емдеп келе жатқан білікті дәрігер. Алғаш еңбек жолын Шымкент қаласындағы №4 Балалар медициналық бірлестігінде интерн-дәрігер болып бастаған. 2003 жылдан бастап «Мейірім» оңалту орталығында педиатр, 2004 жылы балалар неврологиясы мамандығы бойынша қайта даярлықтан өтіп, қазіргі уақытқа дейін балалар дәрігер-неврологы қызметін атқаруда. Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан медициналық оңалту емін алуға келген балаларға өзінің білімі мен тәжірибесін жұмсап, ата-аналардың алғысына бөленуде, деп хабарлайды Citynews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білікті маман басқа да оңалту мекемелерінде өз тәжірибесін бөлісіп, кәсіби бағыт-бағдар беріп отырады. Дәрігер-невролог Ағилаш Сейілханқызы 2020 жылы 365 балаға, 2021 жылдың басынан бері 110 балаға медициналық оңалту емін көрсеткен.

Медицина саласында 30 жылдан аса еңбек етіп келе жатқан дәрігердің еңбегі ескеріліп, ҚР денсаулық сақтау министрінің, облыстық, қалалық денсаулық сақтау басқармаларының, қалалық салалық кәсіптік одағының құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР