2024-04-25 10:53:00
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әлеуметтік мекемелерде арнаулы қызмет көрсетуге 236 жолдама берілді

Әлеуметтік мекемелерде арнаулы қызмет көрсетуге 236 жолдама берілді

Шымкентте жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды Citynews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мүгедектерге арнайы жабдықталған он сегіз «Инватакси» көлікке төрт жүз жеті өтінім, Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған 43 «Әлеуметтік такси» автокөлігіне 443 өтінім қабылданып, қызмет көрсетілуде.
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 230, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге екі жүз отыз алты жолдама берілді.

Қазіргі таңда мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді. Нәтижесінде мүгедектігі бар 2510 адамға 488445 құралдар жеткізілді (сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдар, протездік-ортопедиялық көмекке және техникалық көмекші құралдарға, т.б.).

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР