2024-04-23 13:07:08
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әл-Фараби ауданында көгалдандыру жұмыстарына басымдық берілген

Әл-Фараби ауданында көгалдандыру жұмыстарына басымдық берілген

Шымкент  қаласының келбетін келісті етіп, әрін арттыратын– оның жайқалған жасыл желегі. Қаланың шырайын шұғылалы ету мақсатында Әл-Фараби ауданында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде аудан аумағында жасыл-желектерді суғару, газондарды қырқып ретке келтіру жұмыстары атқарылып жатыр.
Сондай-ақ, тал-теректер отырғызып, оларға күтім жасау – ауданымыз үшін аса маңызды әрі қажетті жұмыстардың бірегейі.
Биыл көктемде ауданның басты көшелерінің бойына қондырылған туя шыршалары тамырын кеңге жайып, жақсы өніп-өсуі үшін оларға арнайы қоршаулар жасалды. Шыршаларға суғару, күтіп баптау жұмыстары күнделікті жүргізілуде.
Аталған жұмыстар «Build stroi» мекемесі тарапынан жүргізілуде. Көгалдандыру жұмыстары одан әрі жалғаса бермек.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР