2024-03-28 18:40:36
10.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әл-Фараби ауданы аумағында ауқымды сенбілік өтті

Әл-Фараби ауданы аумағында ауқымды сенбілік өтті
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері Байтұрсынов-Жандосов көшелерінің қиылысында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбілікте ирригациялық арықтарды тазалау, аяқжолдар мен көшелерді сыпыру, қоқыс шығару және талдарды әктеу жұмыстары атқарылды.
Сондай-ақ, электр жүйесіне кедергі келтіріп тұрған ағаш бұталары кесілді. Аталған тазалық іс-шарасына жиырма бес арнайы техника, жүзге жуық адам жұмылдырылды.
Сенбілік жұмыстары Әл-Фараби ауданына қарасты ауруханаларда, жоғары оқу орындарында, кәсіпкерлік нысандарда және аулаларда қатар жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР