2024-04-18 23:36:23
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Абайлаңыз – балалар!» іс шарасы аясында жол белгілері жаңартылды

«Абайлаңыз – балалар!» іс шарасы аясында жол белгілері жаңартылды
Шымкент қаласында балалардың көшелермен жолдарда және оқу жылының басталуына байланысты жол бойында орналасқан мектептердің алдарынан жүріп-тұруының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 2021 жылдың 23-31 тамыз аралығында «Абайлаңыз – балалар!» профилактикалық іс шарасы өткізілуде.
Осы іс шара негізінде қаладағы жүз қырық тоғыз жалпы орта білім беру мектептердің барлығы зерделеніп, тиісті жол белгілерін орнатуға және өшіп кеткен жаяу жүргіншілер жолағын қайта сызуға, сонымен қатар жасанды жол кедергілерін жаңартуға Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына нұсқамалар берілді.
Бүгінгі таңда берілген нұсқамалар негізінде, жүз он жеті мектептің алдына сызылған жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылып, жаңадан жиырма  алты жол белгісі қойылған болса, сегіз жасанды жол кедергілері ауыстырылып, төрт жүз метрді құрайтын жаяу жүргіншілер (тротуар) бөлігі салынды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР