2024-04-18 23:27:56
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Абай ауданының тұрғындарына Жолдау бастамалары түсіндірілді

Абай ауданының тұрғындарына Жолдау бастамалары түсіндірілді
Шымкент қаласының Абай ауданында ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топ №66 жалпы орта мектебінде жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Кезекті кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауда атап өткен елдің экономикалық дамуын көздеген басты бағыттары мен бастамалары кеңінен талқыланды.
Ақпараттық-насихаттық топ Жолдаудағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы біліммен қамту, өңірлік саясатты жетілдіру, ауыл шаруашылығын қолдау және тағы басқа негізгі басымдықтары бойынша Б.Аргингазиев кеңінен атап өтті.
Кездесу соңында мектеп директоры Ерхан Куандықұлы Жолдауды жүзеге асыруда қала тұрғындары ынтымақ пен бірліктің арқасында үдесінен шығатынына сенім білдіріп, жиынды қорытындылады.
Аталған бағыттағы ақпараттық-насихаттық топ жұмыстары аудан аумағында жоспарға сәйкес, жүйелі түрде жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР