2022-05-24 01:45:57
15.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Абай ауданының әкімі көпқабатты тұрғын үй аулаларының санитарлық тазалық жұмыстарын қадағалады

Абай ауданының әкімі көпқабатты тұрғын үй аулаларының санитарлық тазалық жұмыстарын қадағалады 1
Қала әкімінің тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы берген тапсырмасы негізінде Абай ауданының әкімі Б.Парманов аудан аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үй аулаларының санитарлық тазалау жұмыстарына бақылау жүргізді. Мердігер мекемелерге тазалық жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Абай ауданы бойынша төрт жүз елу үш көпқабатты тұрғын үй екі  жүз елу сегіз аулаға біріктірілген. Мұнда тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Сонымен қатар, мүлік иелерінің бірлестігіне тіркелген көп қабатты тұрғын үйлер де бүгінгі таңда нәтиже беруде. Мәселен, тұрғын үйлердің қасбетін реттеп, күтіп ұстау жұмыстарын тұрғындар өз есептерінен жүргізуде.
Жалпы аудан бойынша мүлік иелерінің бірлестігіне қырық екі үй тіркелсе, тоқсан үй жай серіктестікке тіркелген. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстар күнделікті жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР