2022-07-07 02:20:29
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Абай ауданында көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаһарда жасыл желектердің аумағын ұлғайту мақсатында Абай ауданында биыл жиырма сегіз мың шаршы метр газон, отыз екі мыңға жуық ағаш көшеттері егілді. Аталған жұмыстар мердігер мекеме «Biuld Stroi» ЖШС тарапынан атқарылды.
Қазіргі таңда газон егуге жерді дайындау жұмыстары жүргізілуде. Көгалдандыру жұмыстары Арғынбеков көшесінің бойындағы аяқ жол мен асфальт жолдың арасындағы бос жатқан жерлерге атқарылады.
Газон егумен қатар, әр түрлі ағаш көшеттері де отырғызылатын болады. Бұл өз кезегінде тек қана көрік беру үшін ғана емес, қаланың ауасының тазаруына да көп септігін тигізетін болады.
Жалпы аудан бойынша негізгі көше бойларында 65118,2 шаршы метр аумақта газон егілген. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында арнайы шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, күтіп-ұстау және баптау жұмыстары күнделікті бақылауда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР