2022-05-23 22:54:25
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте жаңа саябақтың құрылысы жүріп жатыр

Шымкентте жаңа саябақтың құрылысы жүріп жатыр 1

2022 жылы Шымкентте демалыс орындары тағы бір саябақпен толығады. Еңбекші ауданына қарасты 12 шағынауданда жүріп жатқан құрылыс 1 гектар аумақты құрайды. Шымкент қалалық құрылыс басқармасының тапсырысымен құрылысты мердігер «IMPYLS» компаниясы жүргізуде.

–Өткен жылы басталған саябақ құрылысын 2022 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осы жылы құрылысқа 95 млн теңге бөлінді, жалпы 534 млн теңге қарастырылған. Саябақ тек жасыл желектен тұрмайды. Жобада ерекше субұрқақ, амфетеатр, балаларға арналған ойын алаңдары салынып, зияткерлерге арналған  шахмат тақтасы орнатылатын болады. Шымкент шахмат астанасы атануды мақсат етіп отырғандықтан, бұл мәселе де есепке алынды , — деді компания өкілі К.Жөкебаев.

Заманауи үлгіде салынатын демалыс аймағында 200-ден астам ағаш отырғызылмақ. Бұл демалыс орнының бір ерекшелігі саябақта ешқандай қоршау болмайды. Келушілер үшін барлық мүмкіндіктер жасалады: атап айтқанда аяқжол, веложол, балалар және спорт алаңшалары, үстел теннисі орнатылатын болады. 10 мың шаршы метрге газон егіліп, саябақтың биоәжетқанасы болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР