2022-01-27 12:09:47
0.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«30 игі іс» қайрымдылық марафоны аясында атқарылған жұмыстар барысы

«30 игі іс» қайрымдылық марафоны аясында атқарылған жұмыстар барысы 1

Мейірімділік пен қамқорлық жүректен. Ал қайрымдылықтың ең абзалы шын мұқтаж жандардың қажетін өтеу болып табылады. Дархан пейілді қазақ халқы ықылым заманнан қайырымдылықты қастерлі ұғым санап, қиын-қыстауда көмек қолын созатындарға құрметпен қарап тек ақ батасын арнап отырған. Мұндай тамаша тәрбие қазақ халқында ұрпақтан ұрпаққа берілген асыл қасиетке айналып келеді.

Мұндай қасиетті Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі – Әшірбаев Байкен Әшірбайұлының бойынан да көруге болады. Жақсылықты ту еткен асыл азамат Nur Otan» партиясының «30 игі іс» қайрымдылық марафоны аясында, пандемия кезінде 500 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттерін таратты. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген тәмсіл бекер айтылмаса керек. Бәйкен Әшірбайұлының қайырымдылығы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Қабылдауға жазылып тұрмыстық мәселелермен келген отбасыларға азық-түлік жағынан және қаржылай қолдау көрсеткен және тізімге жазылған 100-ге жуық тұрғындарды азық-түлікпен қамтыған. Сонымен қоса ауданда тіркелген 100-ден аса мұқтаж отбасыларды әр 3 ай сайын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырады.
«30 игі іс» қайрымдылық марафоны аясында Мәслихат депутаттарымен бірге 1000 отбасыға азық-түлік себеттерін үлестіруге атсалысқан.

«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасына ат салысқан. Қаланың даму бағыты аясында тұрғындарды өтініштері бойынша, Бадам 1, Бадам 2 өңірдегі су тасқынан зардап шеккен көпірлердің орнына заманауй біреуі 45 метірлік, екіншісі 25 метірлік көпірдің салынуына демеушілік жасаған. Қазығұрт ауданы мәдениет үйінің би топтарына республикалық сайысқа қатысуына қаржылай қолдау көрсеткен. Нәтижесінде қала мәдениетінің мәртебесі артып, би тобы республикада 2-орын иемденіп қайтты. Сонымен қоса жылына 50-ге жуық командаларға спорттық ойын сайыстар өткізіп, өзі бас демеушілік жасап келеді.

Халыққа жасаған игілікті істердің жемісі ретінде лайықты марапатқа да ие болды. 2021 жылы «Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында өткен «Жомарт жүрек» сыйлығының аудандық, қалалық және республикалық «ТУҒАН ӨЛКЕ» номинациясымен марапатталған. Ал, қайырымдылық керуені жобасы аясында қоғам игілігіне жасап жатқан қызметі және игілікті жұмыстары үшін Н.Назарбаев қорының директоры Д.Назарбаеваның Алғыс хатымен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділігі үшін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасы М.Әйтеновтың алғыс хатымен марапатталды.

Ердің ісіне лайықты елдің ісін жасап жүрген Бәйкен Әшірбайұлының 2013 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен наградталған.

Қайырымдылық – адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің тек біреуі ғана. Жүрегі мейірімге, жаны ізгілікке толы Бәйкен Әшірбайұлы қамкөңіл адамдардың жанын жадыратуға үнемі асығып тұрады. Мейірімге толы қайырымды жүрек мұқтаж жандарға демеу болумен оларға өмір сүруге жаңа күш пен талпыныс сыйлай алады. Бәйкен Әшірбайұлы: «Көмекке зәру жандарға қиналған шағында қол ұшын созу — әрбір адамның парызы» деп өзінің адамдық сипатын да ешқашан жоғалтпай парасат биігінде жүреді.

Өмірдің сан мың бұлтарысында, қиын қыстау кезеңде жүргенде қоғамда мейріміді жұректі азаматтардың көп болғаны жақсылықтың нышаны. Жақсылық жасап жарысайық, ағайын!

Ұлжан НАУШАБАЕВА,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР