2024-04-18 21:11:45
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қоғам қазынасы — ардагерлер де жолдауға қолдау білдірді

Қоғам қазынасы - ардагерлер де жолдауға қолдау білдірді

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда аға буын өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады. Бас құжатта айтылған мәселелер жөнінде өз ойларын ортаға салды. Жиынды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев ашып, жүргізіп отырды.

–  Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы жуырда жарияланған Жолдауында сот жүйесіндегі бірқатар мәселелерді атап өтті. Соның ішінде аудандық сот мен сот алқасы төрағаларын тағайындауға кеңінен тоқталды. Аудандық сот пен сот алқасының төрағасы бұрын тағайындалатын. Президент оны өзара ұжымда сайлау өткізуді ұсынды. Нәтижесінде, аудандық сот пен сот алқасының төрағалары «аға судья» деп аталуы мүмкін. Екіншіден – барлық деңгейдегі судьялардың мәртебесін теңестіруді алға тартты. Қазір аудандық соттар бірнеше бағытқа бөлінген. Азаматтық сот, экономикалық, қылмыстық сот тағы да өзге бағыттар бар. Олардың еңбекақысы әр түрлі. Енді олардың мәртебесі де, еңбекақысы да теңестіріледі. Отыз жылдан бері сот жүйесі реформаланып келді. Соның арқасында сот саласында көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Атап айтқанда қазір елімізде судьялар дербес, әрі атқарушы биліктің сот жұмысына араласуына жол берілмейді. Президент тапсырмасы бойынша енді судьялардың деңгейі артып, одан жоғары тұрған биліктің сот жұмысына ықпал етуіне тыйым салынады. Сонымен қатар, Жолдауда аппеляциялық соттың мүмкіндігін жетілдіру мәселесі де көтерілген. Аппеляциялық сотта істің заңдылығын зерттеу механизмін қайта қарауды және жетілдіруді тапсырды, -деді алқа мәжілісінде сөз алған ардагер судья Ақылбек Елшібаев.

Қоғам қазынасы - ардагерлер де жолдауға қолдау білдірді

Жиында ардагерлер кеңесінің мүшелері Жолдаудағы 5 бағыт бойынша баяндама жасады. Әр ардагер өз саласына қатысты бағытқа пікір білдіріп, ойымен бөлісті.

Мәселен, саяси жүйедегі жаңа реформалар төңірегінде ақсақалдар бұл бағыттың дұрыс таңдалғаны жөнінде пікірге тоқталды. Ал экономикалық түрлендіруде жаңа Қазақстанның оған күш-қуаты жететініне сенім білдірді. Сондай-ақ құқықтық саладағы реформалар ма ардагерлер баяндамысының негізгі өзегіне айналды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР