2022-05-24 00:02:27
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттік дәрігерлер қисайған сүйекке алғаш рет ота жасады

Шымкенттік дәрігерлер қисайған сүйекке алғаш рет ота жасады 1
Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының ортопед-травматологтары 14 жастағы қызға күрделі ортопедиялық операция жасады. Ота кезінде медицина мамандары жасөспірімнің қисық өскен шынтақ сүйегін хирургиялық жолмен қайта қалпына келтіріп берді. Балалар дәрігерлері мұндай отаны алғаш рет жасап, оң нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Науқас осыдан бірнеше жыл бұрын қолын ауыр жарақаттап, шынтақ сүйегі өсіп, кәрі (лучевая) сүйегі өспей қалған. Салдарынан қолындағы сүйектері қисайып, өздігінен қимыл жасауға кедергі келтірген.
«Ота жасалған науқас үш ай бұрын қалалық клиникалық балалар ауруханасына кеңес алуға келген болатын. Тексере келе науқаста жарақаттың салдарынан сүйегі қисайғаны анықталды. Операцияны бірден жасамадық. Себебі мұндай ота баланың сүйек өсуі тоқтауға жақындаған кезде жасалады. Операция кезінде қатты өсіп кеткен сүйекті қысқартып, өспей қалған сүйекке жалғап, арнайы құрылғымен бекітіп бердік. Мұндай отаны бірінші рет жасадық. Осыған дейін сүйегі қисық өскен науқастарға ота жасау үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы емдеу мекемелеріне жолдама арқылы жіберетінбіз. Енді міне мұндай отаны өзіміз жасауға дайынбыз» — дейді ортопед-травматолог Бағжан Тұрдықұлов.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР