2024-04-19 05:00:24
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қызылорда облысында жылқы ұрлаған азамат ұсталды

Қызылорда облысында жылқы ұрлаған азамат ұсталды
Қызылордалық полицейлер жылқы ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қарашада Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне Әйтеке би кентінің тұрғыны өткен жылдың тамыз айында Шәкен елді мекеніндегі “Шөлқұм” жайылымынан жылқысының жоғалғаны туралы шағымданған. Аудандық полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде осы кенттің 42 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігімен (Мал ұрлау) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР