2021-10-27 18:16:44
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттік дәрігерлер инсульт алған жасөспірімді аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер инсульт алған жасөспірімді аман алып қалды 1Қалалық балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлер алғаш рет инсульт алған 14 жастағы қыз баласына ашық ота жасап, ажалдан арашалап қалды. Операция жасалған жеткіншектің бас ми қан тамырлары жарылып, салдарынан миына қан құйылған.

Жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілген науқасқа дәрігерлер компьютерлік томография жасап, қан  тамырларының жарылуына байланысты миға қан құйылғанын анықтапты. Жарылған тамырлар тереңде жатқандықтан, нейрохирургтар шұғыл түрде жасөспірімнің бас сүйегіне ашық түрде ота жасаған.

– Ауыр халде түскен баланы тексеріп, диагнозын дер кезінде анықтай алдық. Сосын жедел түрде ота жасап, бас миының трепанациясы жасалды, мидағы гематома, яғни, ұйыған қанды алып тастадық. Ота жасалған жасөспірім екі күн жансақтау бөлімінде жатып, бөлімшеге ауыстырылды, – дейді балалар ауруханасы бас дәрігерінің хирургия ісі бойынша орынбасары Сарыбай Сұлтан

Дәрігерлердің сөзінше, науқастың қазір жағдайы жақсы. Мамандары оны апта соңында ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР