2024-11-21 23:30:25
6.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте үшем дүниеге келді

Шымкентте үшем дүниеге келдіҮшінші мегаполисте үшінші үшем дүниеге келді. 25 жастағы шымкенттік ана Нигара Миркасимова екі қыз бен бір ұлды дүниеге әкелді.

Осылайша жыл басынан бері Шымқалада үшінші үшем жарық дүние есігін ашты. Муслима, Мухлиса, Мухаммадәли
есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты.

Бүгін перзентханадан шығарылады деп күтілуде.

Дәрігерлер үшем 5 мамыр күні 35 апталық кезінде ота тәсілімен өмірге келгенін айтады.
Туғандағы салмақтары 2000-2200 грамм, бойлары 40-42 см болыпты.

Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарған. Нигара Миркасимованың бұған дейін тағы екі перзенті болған, осылайша жас ана бес баланың анасы атанып отыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10 972 сәби дүние есігін ашқан. Оның 5 317 қыз баласы болса, 5655 ұл бала.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР