2024-04-19 14:05:21
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте тестілеу орталықтарының дайындығы пысықталды

Шымкентте тестілеу орталықтарының дайындығы пысықталдыБиылдан бастап ҰБТ қағазбен емес, «Бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» қағидатымен электрондық форматпен өтеді.

Шымкентте ҰБТ тапсыру үшін арнайы 2 тестілеу орталығы ашылған. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан аталған тестілеу орталықтарының жұмыс барысымен танысты. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газеті әлеуметтік парақшасында жариялады.

Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева Шымкент қаласында 2020-2021 оқу жылында 11-сыныпты 9 342 оқушы бітіргелі отырғанын баяндады.

Шымкентте тестілеу орталықтарының дайындығы пысықталды

– Бұған дейін ҰБТ қағаз түрінде, 2 рет ақылы және 1 рет грант алу мүмкіндігі негізінде 10 күн аралығында өтіп, ҰБТ өткізу пункттері әр өңірге арнайы белгіленген болатын. Енді төрт рет тапсыруына мүмкіндік бар. ҰБТ арнайы жабдықталған 2 аймақтық «U-Study» тестілеу орталықтарында І-кезеңі 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында, ал ІІ-кезеңі 25 сәуір мен 30 маусым өтеді,- деді Ж.Арысбекқызы.

Тест орталықтарын аралап көрген қала әкімінің бірінші орынбасарыҰБТ тапсыру түбегейлі өзгергенін атап өтті.

– Бұрын ҰБТ деген науқан болатын. Ата-аналар есіктің алдына келіп тұратын. Барлығының көңілі алаң. Бір-ақ рет мүмкіндік берілетін болған соң балалардың да психологиялық ахуалы өте күрделі болатын. Қорқыныш пен үрейден өз мүмкіндігін көрсете алмай жататын. Ал бұл жолы емін-еркін, ешқандай кедергі жоқ. Биылғы тест жоғарғы деңгейде өтіп жатыр деп ойлаймыз. 2 тестілеу орталығында 450-ге жуық орын саны бар. Шымкент қаласынан бөлек, Түркістан облысының аудандарынан да 15 мыңнан аса түлек тестілеуден өтеді деген болжамымыз бар,-деп Шыңғыс Жұмабекұлы.

Жалпы тест бір күнде екі ауысыммен 43 күн аралығында 30 346 талапкер тестілеуден өтетін болады. Бүгінгі таңда ағымдағы жылдың 6, 8 мамыр күндері екі тестілеу орталығы бойынша 1226 талапкер тестілеудің бірінші мүмкіндігін пайдаланып, тестілеуден өткен.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР