2024-04-16 22:22:18
13.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте Рамазан айында 32 мыңнан астам отбасыға азық-түлік таратылды

Шымкентте Рамазан айында 32 мыңнан астам отбасыға азық-түлік таратылды

Шымкентте «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы жалғасуда. Бүгін қаладағы Ақмешітте  Рамазан айының соңғы күнінде 500 отбасыға азық-түлік қорабы таратылды.

Азық-түлік себетіндегі күнделікті ас-ауқатқа қажетті макарон, май, шай, тәттілер шымкенттік отбасыларға үлестірілді. Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алған қайырымдылық шарасы Рамазан айының соңына дейін жалғасты.

–Қайырымдылық акциясы Рамазан айы басталғаннан бері өткізіліп келеді. Ізгі шараға қолдау көрсеткен қала әкімдігіне,  ұйымшылдықпен белсене атсалысқан  қалалық мәслихат пен  кәсіпкерлерге  алғысымды білдіремін.

Шымкенттіктерді келе жатқан Айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларына амандық, құт-береке тілеймін,- деді қаланың бас имамы Бақдәулет Әбідрахманов.

Айта кетейік, қайырымдылық айындағы акция аясында бүгінге дейін 32 500 отбасы азық-түлік қорабымен қамтылса, 42 000-нан астам адамға ауызашар себеті таратылған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР