2024-04-20 15:49:19
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте әскери спорт базасы туристік нысанға айналды

Шымкентте әскери спорт базасы туристік нысанға айналды

Сайрам тұрғын алабындағы «Бүркіт» әскери спорттық базасы еліміздегі туристердің қызығушылығын туғызуда. Мұнда экстрималды спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар. ҚР Қорғаныс Министрлігінің балансындағы нысан 256 га аумақта орналасқан. Қазіргі таңда, бұл аумақта «Шымкент қаласының парашютты спорт федерациясы» базасы жұмыс істейді.

Қала әкімдігі бұл аумақты шымкенттіктер мен туристер келетін ерекше туристік нысанға айналдырмақ. Сол мақсатта демалыс күні демалыс аумағында і «Медиа-кэмпинг -2021» іс-шарасы ұйымдастырылды.

База бойынша экскурсияны «Шымкент қаласы парашют спорты федерациясының» төрағасы Юрий Савченко жүргізді. Мұнда казарма, асхана, парашют қоймасы, авиабаза, монша, . Ашық спорт алаңында әр түрлі көлденең сырықтар, вестибулярлық аппарат жүктемелерге дайындалған айналмалы сақина және секіруге машықтануға арналған ұшақтың моделі орнатылған.

Айта кету керек, парашютпен секіру құны — 21 мың теңге. Бұл баға бәріне бірдей қолжетімді деуге келмейді. Егер адамның салмағы 90 кг-нан асса, онда бұл баға одан да қымбат. Соған қарамастан, өткен жылы мұнда аталған спорт түріне екі мыңға жуық адам сұраныс берген.

Сондай-ақ «Шым тур» компаниясының директоры Лайла Бисекенованың айтуынша, бір күндік турға екі адамға арналған ұшақтан секіру, төрт сағаттық инструктаждан өткені туралы сертфикикат кіреді.

Мұнда сүйіктіңізге әуе кеңістігінен ұсыныс жасау, әсерлі фотоға түсу, ат үстінде серуендеуге мүмкіндік те бар.

Жалпы іс-шара барысында ойын-сауық бағдарламасы, спорттық сайыстар, интеллектуалдық ойындар және бизнес өкілдерінің тауарлары ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР