2021-10-27 05:58:02
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент қаласы Қаратау ауданында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласы Қаратау ауданында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде 1

Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы мәлімдеді.

Шымкент қаласында 20 сәуірден бастап Covid-19 инфекциясының өсуіне және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекциясының таралуының одан әрі алдын алу мақсатында карантин режимі ұзартылып, шектеу шаралары күшейтілген болатын.

Осыған орай қаладағы Қаратау ауданында кешегі күннен бастап, ауданға қатысты халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар басталып кетті.

Атап айтар болсақ, «Рахима Плаза», «Даймонд Плаза», «Грамад», «Метро», «Сұлтан», «Нұрсәт Сити», «Сайман», «Жаңалық» сияқты ірі сауда орталықтарында және «Ынтық Ата» базарында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Нұртас ш/а, Кеңжарық көшесіндегі, «Рахат» азық-түлік дүкені, Ақжайық ш/а «Дана», Асар ш/а «Чикен» дүкендері сағат 23.00- ге дейін жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Сатушылардың соңғы шыққан Шымкент қалалық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысының өзгергенін ескермегендіктеріне орай олардан түсініктеме алынды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР