2024-04-20 19:12:31
25.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент маңындағы елдімекендерді сапалы интернет көзіне қосуда

Шымкент маңындағы елдімекендерді сапалы интернет көзіне қосуда

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан бұл жобаға, екі бірдей инвестор тартылған.

Халық сұранысы арқылы жұмыс істеп жатқан компаниялар Тассай, Таскен, Достық елдімекендерін сапалы, әрі қолжетімді интернет көзіне қосуда.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша іске асып жатқан жоба аясында екі бірдей инвестор тартылған. Соның бірі, бұл салада 14 жылдық тәжірибесі бар «Digital elements» компаниясы. Дәл қазіргі таңда Тассай тұрғын алабына толығымен құрал жабдықтарын орнатқан жұмысшы топ, әрмен қарай Таскен тұрғын алабына қарай бет алыпты.

Әзірге, Тассай тұрғын алабы бойынша 200-ге жуық үйден өтініш келіп түсіпті. Келешекте кең жолақты интернетті қостырамын деушілерге де қосымша жүйелер қарастырылған екен. Көбінде тұрғындар қаржылық жағдайларының көтермеуіне байланысты сапалы интернетке қол жеткізе алмауда дейді, серіктестік өкілі Ержан Шалқарбаев. Алайда, бұл тығырықтан екінші деңгейлі банк арқылы шығудың жолы ұсынылып отыр.

Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының бас маманы Шынболат Әбидің мәлімдеуінше, шалғайдағы шағынауданарға тартылып жатқан желілік сымдар қалалық әкімдіктің қарамағындағы бағаналар арқылы жүргізілуде. Алайда, өзгенің меншігіндегі затты пайдалану үшін келісімді ұзақ уақыт күтуге тура келіп тұр дейді, инвесторлар. Осы орайда бұқараның базынасына жауап беру қиынға соғатыны тағы бар. Осыны ескерсе деген кең жолақтың жаршылары, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына қолдан келген көмектерінде аянып қалмауда.

Оларға сапалы интернетті тегін қосып берумен қатар, жыл бойында кепілдік мерзімдерінде ұмыт қалдырмауда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР