2024-11-23 22:06:50
4.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жылу беру маусымына дайындық шаралары жүргізілуде

Жылу беру маусымына дайындық шаралары жүргізілуде

Қысқы жылу маусымында тұтынушыларға үздіксіз сапалы жылу мен ыстық суды қамтамасыз ету мақсатында жаз айларында дербес қазандықтарға  жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қыс мезгілінде қазандықтарда және жылу желілерінде күтпеген апаттық жағдайлар орын алмас үшін ыстық суды жаз айында уақытша тоқтатуға тура келеді.

Сондықтан әр тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесіне және ыстық су жүйесіне сервистік қызмет көрсететін мекемелер ішкі жылу жүйесіне сығымдау, жылу алмастырғышты тазалау және реттеу жұмыстарын жүргізілетін болады.

Қазір «Қуатжылуорталық-3» МКК қаламыздың 16 нысанында жалпы ұзындығы 8,76 км құрайтын ішкі орамдық жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарын жүргізілуде.

Кесте бойынша жұмыстары толық аяқталған нысандар:

  1. Толстой көшесі «Эмир» дәмханасы дейін
  2. Толстой көшесі Сасбұқаев көшесіне дейінгі
  3. Нұрсат шағынауданы №38,39,74 а үйлері
  4. Нұрсат шағынауданы №12,75 үйлері
  5. Күншығыс шағынауданы 4-5 кезек
  6. Пазылбеков көшесі 4,5,6,7 ТК-26
  7. Тауке-хан №29,31, Қонаев көшесі №7

Жалпы:1927 метр

Жұмыстар жүріп жатқан нысандар:

  1. Асқаров ТК-3 Мангельдин көшесіне дейін -16,4% -орындалды
  2. ПНС-5тен Шаяхметов көшесі — 40% -орындалды
  3. ТК-16 Адырбеков -Алдияров к-сі ТК-19 дейін — 52% -орындалды

Жалпы: 1787м/560м

Дайындық жұмыстары жүріп жатқан нысандар:

  1. ТК-3 Асқаров көшесі ТК-23
  2. ТК-42 Байтұрсынов көшесі ТК-39 Ғ.Іляев
  3. Түркістан көшесі ТК-24 және ТК-26 аралығы
  4. ТК-60Б Гагарин көшесі
  5. ТК-26 және ТК-27 аралығы Республика даңғылы
  6. 18 шағынаудан Ерімбетов — Рысқұлов көшесі

Жалпы: 3508 метр

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР