2024-03-29 17:14:20
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттік делегаттар KITF халықаралық туристік көрмесіне қатысуда

Шымкенттік делегаттар KITF халықаралық туристік көрмесіне қатысуда
ALMATY TRAVEL PARK (KITF) — қазақстандық және шетелдік қатысушылардың ашық аспан астындағы 2 апталық экспозициясы.
Орталық Азиядағы ауқымды шаралардың бірі саналатын көрмеге Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Visit Shymkent» орталығының өкілдері арнайы қатысуда. Сала мамандары көрме қонақтарына Шымкент қаласының туристік әлеуеті туралы ақпарат беріп, қаламыздың көрікті орындары мен тарихи мәдени нысандары туралы мәлімет береді.
Іс-шараның алғашқы күнінде мемлекеттік қолдау шаралары мен туризм инфрақұрылымын жақсарту мәселелері талқыланбақ. Атап айтсақ «Kazakh Tourism» ұсынған мемлекеттік қолдаудың және заңнамалық жаңалықтар баяндалатын болады.
Бағдарламаның екінші күнінде туристер қауіпсіздігі ортаға салынса, үшінші күні туризмнің жекелеген түрлері: эко — агротуризм, жағажайлық демалыс, қалалық туризм, мәдени-тарихи, медициналық, гастрономиялық туризм талқыланатын болады.
Іс-шараға мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, туристік қауымдастықтар, туроператорлар, турагенттіктер және туристік объектілердің өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР