
Бекітілген жобаға сәйкес, Рысқұлов көшесінде Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін жолдың ені кеңейіп, жол жамылғысын жаңарту жұмыстары қарастырылған.
Көліктер қозғалысы үшін Қонаев даңғылын 2021 жылдың 15-қыркүйегінде қолданыс үшін ашу жоспарланған.
Жолайрықтың көпір өткелін, (көпір балкаларын орнату) жол жамылғысын салу жұмыстарын жалғастыру үшін Рысқұлов көшесін Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін көлік қозғалысы үшін толығымен шектеу қажеттілігі туындап отыр.
Нысанды айналып өту үшін көліктер қозғалысы уақытша Байтұрсынов, Байырқұм, Жандосов, Дәулетұлы, Тұяқбаев, Береке, Жәнібеков, Дулати, Байұзақұлы, Арғынбеков, Қазиев көшелерімен ұйымдастырылатын болады.
Дулати көшесінің Рысқұлов көшесінен Бәйдібек би даңғылы аралығы көліктер қатынасы үшін екі бағытта ұйымдастырылады.
Байтұрсынов көшесімен көліктер қозғалысы Рысқұлов көшесінен Арғынбеков көшесіне дейін бір бағытта ұйымдастырылады, тек қоғамдық көліктер екі бағытта қозғалатын болады.