2024-04-25 20:50:58
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

М.Әйтенов жол құрылысы сапасын тексерді

М.Әйтенов жол құрылысы сапасын тексерді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов “Өтегенов” көшесінде жалғасып жатқан жол құрылысы жұмыстарын тексерді.

Сапаға басты назар аударған шаһар басшысы нысанның мерзімінен кешіктірілмей тапсырылуын тиісті басқарма мен мердігер мекеме басшыларына ескертті.

Құрылыс екі кезеңмен жүргізілуде:

1-кезең “Өтегенов” көшесі жалғасының құрылысы “Шымкент Сити” шағын ауданынан “Сырым батыр” көшесі аралығын қамтиды. Жалпы ұзындығы 1,205 шақырым, ені 28 м. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты.

Қазіргі таңда, автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылуда. Бұған қоса шағал тас төселіп, аяқжол салынып, ирригациялық арықтар орнатылуда.

“Өтегенов” көшесі жалғасының 2-кезең құрылысы “Сырым батыр” көшесі мен “Төлеметов” көшелері аралығы. Жалпы ұзындығы 970 м, ені 23,5 м.

Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған.

Қазіргі таңда көшеде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүргізілуде.

Былтыр басталған құрылыс жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады.

Сондай-ақ, Бәйдібек би мен Арғынбеков көшелері қиылысындағы үш деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Жолайырық құрылысы аяқталғанда, көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артпақ.

Жобаның техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайырықта ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселеді деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта жолайырықтың Арғынбеков көшесі бойында тіреу қабырғаларын орнату және Бәйдібек би даңғылы бойында көпір өткелі конструкциясының негіздері темір-бетонды тірек конструкцияларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР