2022-10-03 10:44:03
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

КӨЛІКТЕР ҚОНАЕВ ПЕН АДЫРБЕКОВ КӨШЕЛЕРІМЕН ЖҮРЕ БАСТАДЫ

Шымкент қаласындағы Д.Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының үшінші кезеңі аяқталды. Аталған нысанның техникалық пайдалануға беру шарасына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы 6 кезең бойынша жүргізіліп жатыр. Бірінші кезеңі, яғни, Түркістан көшесінен Тұрысов көшесінің қиылысына дейінгі бөлік өткен жылы ашылған. Терашкова көшесіне дейінгі аралықты алып жатқан екіншгі кезеңде қазір құрылыс жұмыстары қызу жүруде.

– Үшінші кезең Терешкова көшесінен Бөгет кешесіне дейінгі 560 метр аралықты қамтиды. Мұнда ені 42 метрлік, 6 жолақты жол, аяқ жолдар мен теміржол өткелі салынды. Бір айта кетерлігі, бұл толығымен аяқталған құрылыс нысаны емес. Біз қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында жолдың құрылысы аяқталған бөлігін уақытша ашып отырмыз, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Мұнан бөлек қала әкімі Адырбеков көшесінің Жібек жолы көшесінен Ғ.Иляев көшесіне дейінгі бөлігінің де техникалық ашылуына да қатысты. Шаһар басшысы Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары 2023 жылдың соңында толығымен аяқталатынын атап өтті. Өткен жылы бұл жолдың Рысқұлов-Жандосов көшелерінің арасындағы бөлігі пайдалануға берілген еді. Енді Жандосов көшесінен Жібекжолы көшесіне дейінгі аралықта жұмыс жүргізілуде. Жолдың енін 8 метрден 15 метрге дейін кеңейтіп, 4 жолақты етіп қайта құру үшін мемлекет мұқтаждығына 17 жер телімі қайтарып алынады.

Айта кетейік, Адырбеков көшесіннің жалпы ұзындығы 3,74 шақырымды құрайды. Қайта құру жұмыстары толығымен аяқталған соң бұл көшенің автокөлік өткізу қабілеті 2,4 есе артып, сағатына 56 мыңға дейін жетеді.

Айта кету керек, Шымкент-Ташкент тас жолына қосылатын Қонаев даңғылының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аталмыш құрылыстағы ең күрделі кезеңнің бірі – бірінші және екінші кезеңдер болды. Құрылыстың   ІІ-ші бөлігінде 89 нысан мемлекет меншігінге өтті. жол түсетін аумақта тұратын азаматтар сүрілетін ғимараттарға бағалау жұмыстары жүргізілген соң тиісті өтемақыларын алды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР