2022-09-27 20:47:30
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Елдің қамын ойлайтын халық қалаулысы

Жұлдыз жақта жағдайы нашар отбасылар көптеп шоғырланған. Үнемі телеарна журналистерінен көмек сұрап жатады. «Бір түсіріп кетсеңіз, елдің назары ауып, жағдайымыз дұрысталар» деп ойлайды.

Кейінгі уақытта мазаламайтын болды. Сөйтсем, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Байкен Әшірбаев қамқорына алған екен. Қуанып қалдым. Жасаған жақсылығы көп. Жіпкеййй тізбейді, журналистерді шақырып сүйіншілемейді. Жарнамаға мүлдем жоқ. Камераны жақсы көрмейді. Тонналап талай азық таратсада атын атамауды сұранады.

Депутаттыққа түскенде де дауыс іздеп сарпылмады. «Бұйырса, халыққа қызмет етерміз»,- деп сабырмен достасып жүрді. Мандат бұйыра сала, баспен сүңгіп кетті. Мақсаты халыққа қызмет көрсету. Жеке қабылдауына келгендердің мәселесін Заң аясынан бөлек,өзі шешіп беруге атсалысып жүр. Халық мәз.

Рейтинг деген шыққалы аптал азаматтың алдыңғы қатардан көрінгенін қаладым!

Айганым Күмісбек

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР