2024-04-25 10:51:23
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Даңғыл жолдар құрылысы қарқынды

Даңғыл жолдар құрылысы қарқынды

Бүгінгі таңда Еңбекші ауданына қарасты Базарқақпа тұрғын алабының көшелері толығымен орташа жөндеуден өтті. Олардың ішінде Шахайдаров, Тельман, Жастар, Ақшеңгел, Нарынкөл, Қорғамқұм, Ақыртас, Таңыртау, Абдалиев  және  Жалпақтал көшелері бар.

Орташа жөндеу жұмыстары бұл көшелерде сәуір айында басталып, аяқталуы маусым айына белгіленген өндірістік кестеден ауытқымады. Айта кету керек, тұрғын алаптағы жөнделген көшелердің жалпы ұзындығы 11 шақырым. Жобалық сметалық құжатта көрсетілгендей, барлығына 10 сантиметр қалыңдықта асфальт төселді.

Өз кезегінде Қаратау ауданындағы Шығыс айналма жолда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Аталған жолды салу 2021 жылы басталып, биыл да құрылысы тоқтамай тұр. Шығыс айналманың 1 кезеңі  №1 автожолдан Әл-Фараби көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Құрылысқа  жауапты мердігер мекеме – өңірге танымал «Отау Строй» ЖШС. Шығыс айналма жолының ұзындығы — 3,9 шақырым, 4 жолақты ал ені 60 метр болады. Бүгінге құрылыс межесінің 28 пайызы орындалды.

Сонымен қатар, Өтегенов көшесі құрылысының 1 кезеңі Шымкент Сити шағынауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі жолдың жалпы ұзындығы 970 метр,  ені — 28 метрді құрайды. 4 жолақты жолдың бірінші кезеңі құрылысын жүргізіп жатқан мердігер  «Алем Транс Жол» компаниясы автомобиль жолына  жер негізін жасап, тығыздау жұмыстарын атқарды. Асфальтбетон қабаты да төселуде. Екінші кезеңдегі Өтегенов көшесінің құрылысы Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелерінің аралығында жүреді. Бұл жерде жолдың ұзындығы — 970 метрге, ені — 23,5 метрге тең. Автомобильдер 4 жолақта жүйткімек.

Қонаев даңғылының жол құрылысы 5 кезең бойынша іске асып жатыр. Даңғылдың 5-ші кезеңіндегі құрылыс Бадам өзенінен басталып, 6-шы кезеңге дейінгі аралыққа жалғасады. Құрылыстың бесінші кезеңіндегі жолдың ұзындығы 4,6 шақырым, ені 23 метр. Ал жол бойындағы аяқжолдың ені 3 метр. 6 қозғалыс жолағы болады. Құрылыста жол негізін әзірлеу, тас төсеу, суағарларды, су өткізгіш құбырларды орнату секілді жұмыстар атқарылады. Жол түсетін белдеуде инженерлік желілерді ауыстыру жоспарда бар. Осында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың бірі — тірек қабырғаларын орнату. Оның ұзындығы мың метрден асса, биіктігі 15 метрге жетеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР