2024-04-16 14:53:47
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Биыл солтүстік саяжай тұрғындары сапалы электрмен қамтылады

Биыл солтүстік саяжай тұрғындары сапалы электрмен қамтылады

Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында елді мекендерде құрылыс жұмысы жалғасуда. Соның бірі – Солтүстік саяжай елді мекені.

Қазіргі уақытта Солтүстік саяжай елді мекенінде  6 мыңға жуық тұрғын қоныстанған.

Құрылыс жұмысы 2021 жылы басталған болатын. Бүгінде 4418 электр бағаналары және 22 трансформатор орнатылып,  131 шақырым электр желілері тартылды. Сондай-ақ, қосылу көзі болып табылатын электр тарату станциясы іске қосылуға дайын.

Бекітілген жоспарға сәйкес, атқарылып жатқан жұмыстар ағымдағы жылдың қыркүйек – қазан айларында толық аяқталып, іске қосу жоспарлануда.

Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Айта кетейік, Солтүстік саяжай елді мекені өткен жылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. Ал, табиғи газбен қамту құрылысы «Энергоресурс» ЖШС тарапынан жүргізілуде.

Құрылысы 2023 жылы аяқталып, солтүстік саяжайлықтар келесі жылы көгілдір отынмен қамтылады.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін Руханият көшесі жарықтандырылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР