2024-04-26 00:25:20
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әрбір шалыс қадам – бақылауда

Цифрлық жүйе бойынша Шымкентте іске асып жатқан оңды істердің бірі бақылау камераларының орнатылуы. Дерекке сәйкес, қалада 3177 камера бар. Оның жартысы бейнебақылауға арналса, 1677-сі жол қауіпсіздігін бақылайтын камералар. Бұл бастаманың тиімділігі мен нәтижесі өте күшті болғанын айтады басқарма басшысы.

Соның арқасында мегаполис көшелері мен жолдарында тәртіп түзеліп, қауіпсіздік азайған. Әсіресе заңға қырын қарайтын жүргізушілер айыппұлдан аузы күйіп, біраз жөнге келіп қалды. Соның ішінде көлікті жүргізгенде спидометрін ұмытып кететін жастардың аптығы басылған. Мәлімет бойынша биыл қосымша тағы мың камера орнатылады. Оның 800-і бейнебақылау функциясын атқарады. Қазіргі уақытта қаладағы барлық мектептерде бейнабақылау құрылғылары қойылып, олар жергілікті полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.

Ендігі ретте балабақша мен ауруханалар бейнебақылау камераларымен қамтылатын болады. Басқарманың алдына қойып отырған жоспары бойынша 2025 жылға қарай қаладағы камералар үлесі 57 пайызға жетуі тиіс.

Маманның айтуынша, былтыр бұл көрсеткіш 21 пайыз болған екен. Қала аумағы бұрынғымен салыстырғанда бірнеше есеге ұлғайған. Сондықтан қала әкімдігі шалғай елді мекендерді бақылау камерасының назарында ұстауға тырысып жатыр. Негізінде елді мекендердің үлкен көшелерінде камералар баяғыдан жұмыс істейді. Полиция қызметінің ұсынысымен қосымша көшелерді де енді камераның объективіне алу көзделіп отыр. Жалпы қаланы жүз пайыз бейнебақылаумен қамту үшін 19,5 мың камера керек екен. Дегенмен бюджет шамасына қарай камералар орнату ісі қалада жалғасын таба бермек.

Қала әкімдігі тарапынан AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау және ұлттық жобаларда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Sifro академиясы ашылды. Оның бой көтеруіне инвесторлар да көмегін тигізді. Сонымен бірге мегаполисте Робопарк мектебі де шәкірттер қабылдап жатыр.

Цифрлық сауаттылыққа үйрететін білім ошағында 50 адам тәлім алуда. Мұндай оқу орындарының ашылуы не үшін қажет болғанын жауапты мамандар бүгінгі таңдағы заман талабына сай қажет болғандықтан деп түсіндіріп берді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР