2024-03-29 12:14:45
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстанда жер иелігіне қатысты нормаларға белгіленген мораторий мерзімі ұзартылды

Қазақстанда жер иелігіне қатысты нормаларға белгіленген мораторий мерзімі ұзартылды

Бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында жер иелгіне қатысты нормаларға белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

«Ауыл шаруашылығы жерлерінің электронды форматта көпшілікке ашық түрде беру тетігін енгізу қажет. Оны өткен сенбіде бірге талқыладық. Аз дегенде 2023 жылға дейін уақыт керек. Оны да қарастыру керек. Сондықтан барша азамат жер иелікке немесе пайдалануға берудің әділетті және ашық өтетіндігіне көз жеткізу қажет. Өткен аптада осы жерде керемет, тарихи шешім қабылданды деп ойлаймын. Жерді жалға 49 жылға беруге байланысты шешім қабылданды. Оның өзі жердің қазіргі экономикалық айналымға енуіне толықтай мүмкіндік туғызып жатыр. Меншікке байланысты «болады не болмайды» деп шешім қабылдамай, оны болашаққа қалдыру керек деп ойлаймын», — деді отырыс барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Оның атап өтуінше, жерді меншікке беруге қатысты шешімді болашаққа қалдырудың бір-ақ жолы бар.

«Ауыл халқы болашақта осы мәселеге қатысты тікелей шешім қабылдауы керек шығар. Парламентте біраз мәселе көтерілетіндігі айтылды. Соның бәрін болашақта ескере отырып, осы іске аз дегенде 3 жылдан 5 жылға дейін уақыт керек деген ойда отырмын. Асығыстық жасауға болмайды. Олай болса, жер иелгіне қатысты нормаларға жыл соңына дейін белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзартуды ұсынамыз. Бір ғана шешім болуы керек қой деп ойлаймын. Қазір бірнеше шешім қабылдауға, елді жан-жаққа тартуға еш қақымыз жоқ. Осы жердегі әрбір азамат жауапкершілікті мойнына алып отыр деп ойлаймын. Сондықтан, комиссия мүшелері осындай ортақ пікірге тоқталсақ деген ұсынысты ортаға саламын», — деді Ералы Тоғжанов.

Комиссия мүшелері жер иелігіне қатысты нормаларға жыл соңына дейін белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзартуды қолдап дауыс берді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР