2024-04-24 18:36:18
25.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Қазақстан Республикасы егемен ел болып, өзінің Ата Заңы Конституциясын қабылдағанына 26 жыл уақыт болды.
1995 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, ел тарихында өшпес орын қалдырды. Ата Заң мемлекеттік биліктің біртұтастығын бекіте отырып, жұмылған жұдырықтай жүйеге айналдырды. Мемлекеттік билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін күшейтті. Халық пен мемлекеттің арасындағы коммуникативтік күшке айналды. Конситутцияда еліміздің демократиялық, зайырлы , құқықтық және әлеуметтік мәртебесі, биліктің негізгі көзі – халық және мемлекеттің ең жоғары құндылығы адам, оның өмірі, бостандығы мен құқықтары екендігі көрсетілген. Біздің елімізде әр адам өз құқықтары мен бостандықтарын ішкі істер органдары арқылы қорғауға құқылы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Адамдар полиция қызметкерлерін өздерінің қорғаушысы ретінде танып, өз қауіпсіздіктерін сезінулері тиіс» деген сөзі халық алдында адал қызмет етуге ант берген әрбір тәртіп сақшысына үлкен жауапкершілік жүктейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес полицияны бағалау өлшемдерін түбегейлі өзгерту, полиция қызметінің сервистік модельге көшуі басым бағыттардың бірі болды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сай, “жұртқа жақын полиция” қағидатын жүзеге асыруды басты орынға қойдық.
Отанын сүйген адам ғана ел мүддесін бәрінен биік қоятын шындық. Қашанда ел тыныштығын, адамдардың өмірін қорғау жолында ерлік көрсеткен тәртіп сақшылары аз емес. Ел мүддесі, оның тыныштығы мен жарқын болашағы жолында тынымсыз қызмет етіп жүрген барша әріптестерімнің және Шымкент қаласы Полиция департаменті атынан барша қазақстандықтарды еліміздің Конституция күнімен құттықтаймын! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР