2024-04-26 00:54:52
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қарияларға құрмет көрсетті

Қарияларға құрмет көрсетті

Халқымыздың жасы үлкен қарияларға деген ілтипаты ерекше. Бұл ежелден қалыптасқан дәстүр деуге болады. Осы дәстүріміз үзілген емес. Жуырда ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері ардагерлерге құрмет көрсетті.

Қайырымдылық акциясы аясында департаменттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлихан Адаев, кеңес мүшелері – генерал-майор М.Раманқұлов, подполковник С.Мықтыбаев, подполковник Б.Бекмұхамедов, аға прапорщик Ғ.Байтуғанов кезінде осы салада еңбек еткен Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің отбасында болып, олардың аяулы жарларымен жүздесті.

Олар департаментте қызмет атқарған Ұлы Отан соғысының ардагері М. Абусевтің жары – Амина Абусева және ҰОС ардагері А.Есіркеповтың жары – Сарвар Есіркепованы дәстүрлі мерекемен құттықтап, игі тілектерін ақтарды.

Қарияларға құрмет көрсетті

Ардагерлер өздеріне көрсетілген құрметке разы болып, алғыс айтты және олардың жұмыстарына сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР