2024-04-25 19:36:34
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қала әкімі қарт майдангерлерді мерекемен құттықтады

Қала әкімі қарт майдангерлерді мерекемен құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай шаһардағы қарт майдангерлерді құттықтап, сый-сыяпат жасады. Бүгінде Шымкент қаласында 20 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.

Қала әкімі «Бадам 1» елді мекенінің тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері — Қалтай Бектасов, «Ақжайық» шағынауданының тұрғыны, ҰОС ардагері— Қаражан Естемесов, Абай ауданының тұрғыны Абылай Қазбаевтың шаңырағында болып, Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Қала әкімі қарт майдангерлерді мерекемен құттықтады

Айта кетсек, Шымкентте Жеңіс мерекесін орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 360 АЕК, 1 миллион теңгеден астам қаражат берілді. 3307 тыл ардагеріне 12 АЕК, яғни 35 мың теңгеден астам бір реттік ақшалай көмек көрсетілді.

Сондай ақ  «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов Ұлы Отан соғысының ардагерлері Шаля Анна мен Атантаев Халел ақсақалдың шаңырақтарына бас сұғып, мерекелерімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР