2024-04-16 10:33:05
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Президенттік жас кадр резерві- жастарға берілген мүмкіндік

Президенттік жас кадр резерві- жастарға берілген мүмкіндік

Елімізде 1 қыркүйектен бастап президент жанындағы жастар кадр резервіне іріктеу басталды. Мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктелмек. Іріктеуге енгізіліп отырған жаңашылдықтардың бірі – үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейі сарапқа салынады. Оны Qaztest немесе Qazaq Resmi Test сертификаттары арқылы растауы шарт.

Биылғы Президент жанындағы жастар кадр резервіне іріктеудегі басты талаптардың бірі – мемлекеттік тілді меңгеру. Осы мақсатта Шымкенттегі Қазтест жүйесі негізінде тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы кандидаттардың қазақ тілін білу деңгейін анықтауды бастады. 5 күнге созылатын шарада 200 үміткерді сертификаттық тестілеуден өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, 1500 әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлері диагностикалық тестілеуден өтуде.

Дәурен Дүйсебаев – Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының директоры

Бұл жоба – білімді, талантты, қарым-қабілеті жоғары азаматтардың жоғары саяси лауазымда еліміздің дамуына адал қызмет етуі үшін ашық және тиімді «әлеуметтік лифт» болады. Бұл жастарға берілген  теңдессіз мүмкіндік, — дейді қатысушылар.

Айнұр Сансызбай – үміткер

Айтып өтейік, елімізде Президент жастар кадр резервіне жаңа іріктеу жүріп жатыр. 1 қыркүйекте басталған іріктеу 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР