2024-03-29 11:08:47
6.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Ордабасы» — «Каспий» 1:1

«Ордабасы» - «Каспий» 1:1

Футболдан премьерлига командалары арасында ел чемпионатының 22 тур ойындары өтті. Шымкентте Ақтаудың «Каспий» командасын қабылдаған «Ордабасы» 1-1 есебімен тең тарқасты. Алаң иелері сапынан украиналық легионер Дмитрий Хлебас өзінің алғашқы голын салды. Қонақтар құрамында Аслан Дарабаев есепті теңестірді.

Чемпионаттың басында алтын медаль аламыз деп,жанк.йерлерін желпінтіп қойған «Ордабасы» маусымның ортасында тығырыққа тірелді. Қыруар қаржы алсада жергілікті футболшылардан артық емес легионерлердің біразы командадан кетіп қалды. Онымен қосаға құрамаға ілініп жүрген мықтыларда басқа клубты таңдады. Тез арада бір екі ойыншымен және өз мектебіміздің таланттарымен жасақталған мегеаполис қаланың бас командасы енді төртінші орын үшін күш сынасуда. Төртінші орын алған команда еуропаға барады. Келесі жылы конференциялар Лигасына қатысу мүмкіндігіне үміт артқан командалар қатарында Каспийде бар. «Ордабасы» мен «Каспий» осы орынның иесін анықтау үшін барын салды. Екі команда да қазір жақсы жағдайда емес, соған қарамастан өте қызықты ойын көрсетті. Бірінші таймда «Ордабасының» қатарына екінші маусымда қосылған украиналық Дмитрий Хлебас тамаша гол салды. Есеп 1-0

Дегенмен алаң иелерінің қуанышы ұзаққа бармады. Каспийдің үздік ойыншыларының бірі Аслан Дарабаев таразы басын теңестіріп кетті. Есеп 1-

Өз командасын тығырықтан алып шыға алмаған «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев шәкірттері өз алаңында мыңдаған жанкүйердің қолдауымен қолда тұрған жеңіске жете алмады. Есесіне Петропавлда Қызылжармен жасыл алаңға шыққан Тұран сырт алаңда 0-1 есебімен жеңіске жетті. Солтүстік қазақстандықтардың өздеріне гол салуға ықпал жасаған Тұран командасының жанкүйерлерін жеңісімен құттықтаймыз. Енді олар Түркістанда Қарағандының «Шахтерін» қабылдаса, «Ордабасы» чемпионаттың көшін бастап келе жатқан Қостанайдың Тобылына қонаққа барады. Бұл кездесу «Ордабасының» чемпионаттағы нақты орнын анықтап береді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР