2024-06-22 00:50:28
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте зейнеткерлерді 7 млн теңгеге алдап кеткен азамат анықталды

Шымкентте зейнеткерлерді 7 млн теңгеге алдап кеткен азамат анықталды

Шымкентте зейнеткерлерді 7 млн теңгеге алдап кеткен азамат анықталды, – деп хабарлайды Citynews.kz сайты Polisia.kz сілтеме жасап.

Еңбекші АПБ-ға қарт тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Әйелдің айтуынша, оған белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, қызы жол-көлік оқиғасын жасағанын хабарлаған.

Күдікті егер зейнеткер белгілі бір соманы жақын арада оның мекенжайына келетін үшінші тұлға арқылы берсе, кінәлі адам жазадан құтыла алады деп сендірген.

Қоңырау шалушы телефонды сыбайлас қызға тапсырып, ол дірілдеген дауыспен “анасынан” көмек сұрағандай кейіп танытқанда, әйелдің күмәні толығымен сейілген.

Нәтижесінде қала тұрғыны алаяқтарға өзінің барлық жинаған 4,5 млн теңге көлеміндегі ақшасын берген.

Сол күні полицияға телефон алаяқтарының тағы бір құрбаны осындай мәлімдеме жасады. Сүйікті немересіне көмектесу үшін 79 жастағы зейнеткер 2,5 млн теңге берген.

Тергеушілер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ге тіркеді. Іздеу шаралары барысында жедел уәкілдер бейнебақылау камераларының көмегімен жәбірленушілердің үйіне қолма-қол ақша алу үшін келген жігітті анықтап, ұстады. Ол Түркістан облысының 16 жастағы тұрғыны болып шықты.

Өз жауабында жас жігіт мобильді мессенджер арқылы алған нұсқауларына сәйкес әрекет еткендігін айтты. Оның міндеті – айтылған мекенжайлардан ақша алу және оны белгілі бір банктік шоттарға аудару. Бұл үшін ол, 50-ден 100 мың теңгеге дейін ақы алып отырған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Оның аясында қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғалар анықталып жатыр.

Тәртіп сақшылары азаматтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді. Алаяқтар өздерін полиция қызметкерімін деп таныстырып, туысыңыздың қиындыққа тап болғанын хабарлап, белгілі бір сома мәселені шеше алады деп сендіруі мүмкін. Мұндай жағдайда “102” телефоны бойынша полицияға хабарласып, ақпаратты тексеру керек. Ешбір жағдайда үрейленбеңіз, ақшаны бейтаныс адамдардың шотына аудармаңыз тіпті, қолма-қол бермеңіз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР