2024-07-27 06:07:55
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте “Hi-Tech” ЖПІШ барысында полицейлер 43 кибералаяқты әшкереледі

Шымкентте “Hi-Tech” ЖПІШ барысында полицейлер 43 кибералаяқты әшкереледі

Шымкентте “Hi-Tech” ЖПІШ барысында полицейлер 43 кибералаяқты әшкереледі, – деп хабарлайды Citynews.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сілтеме жасап.

Алаяқтар қылмыс жасау құралы ретінде қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды жиі пайдаланады.

Ақпараттық жүйені пайдаланушының сеніміне қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкіне қол сұғуға қатысты заңсыз әрекеттермен күресу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері “Hi-Tech” іс-шарасын өткізді.

Оған криминалдық полиция қызметкерлері, тергеушілер, анықтаушылар және жергілікті полиция қызметі жұмылдырылды. Арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды.

Үш күннің қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен ЖПІШ барысында бұрын жасалған және тіркелген 43 интернет-алаяқтық анықталды. Осылайша, мегаполис полицейлері шымкенттік екі азаматты алдап, 1 миллион теңгеден астам ақшасын иемденген Түркістан облысының жас тұрғынын ұстады.

Жәбірленушілер бұл туралы полицияға хабарлаған. Қала тұрғындарының айтуынша, оларға белгісіз біреу мобильді мессенджер арқылы хат жазған. Ол өзін сауда нүктесінің қызметкері ретінде таныстырып, тауар сатып алу үшін белгілі бір шотқа алдын ала төлемді аударуды сұраған. Қылмыскер қазір қамауда отыр.

Айта кетейік, мегаполис полицейлері интернеттегі алаяқтық жайттарының алдын алу мақсатында тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР