2024-04-19 22:07:02
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қала әкімінің орынбасары Польшадағы қоқыс өңдеу зауытының жұмысымен танысты

Қала әкімінің орынбасары Польшадағы қоқыс өңдеу зауытының жұмысымен танысты

Қазақстан-Польша бизнес-форумы аясында шымкенттік делегаттарды бастап барған қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиевамен бірге Познань қаласындағы қоқыс өңдеу зауытының жұмысымен танысты.

Кәсіпорын – 1927 жылдан бері Орталық Еуропадағы қоқыс өңдейтін зауыттардың бірегейі. Зауыттың ерекшелігі, қоқысты жағу арқылы алынған күл тыңайтқыш, аяқжол плиткалары мен кәріз құбырларын өндіру үшін пайдаланылады.

Сонымен қатар, А.Сәттібаев Познань облысы әкімінің орынбасары Яцек Богуславскиймен кездесу өткізіп, кәсіпкер инвесторлармен өзара келісім жасалды. Айбек Берікұлы Шымкенттің жоғары әлеуетін таныстыра келе польшалық кәсіпкерлерді қалаға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Қалада бүгінде тұрмыстық қалдықты сұрыптап, қайта өңдеу бағытында «ГринЛайн» ЖШС жұмыс істеуде. Мегаполисті абаттандыру мен көркейтудің алдағы бес жылғы жоспарына сәйкес, қоқысты бөлек жинау және қайта өңдеуге баса назар аударылуда.

Осы мақсатта қала әкімдігі шетелдік инвесторларды тарту бағытында жұмыстар жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР