2022-10-03 11:56:38
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Интернет-алаяқтар тобы Қазақстанның екі қаласында ұсталды

СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір прокуратурасының үйлестіруімен Нұр-Сұлтан қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп, жеті адамнан тұратын алаяқтардың қылмыстық тобын ұстады, – деп хабарлайды Citynews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Ұсталғандардың IT-технологиялар, психология саласында білімдері бар. Мұны олар алаяқтық қызметтеріне қолданған.

Топ үш айда құрылған. Әр қатысушының өз рөлі болған. Мысалы: ұйымдастырушылар үйлестірушілердің рөлін атқарып, алаяқтық жолмен алынған ақша қаражаттарын аудару мен алуға лимиттерді көтеруге нұсқау берді, топтың басқа мүшелері төлем карталары ресімделетін адамдарды – “дропперлерді” таңдады. Оларды қылмыскерлер бұрын сотталған, балалар үйінің түлектері, студенттер және жай ғана аңқау адамдар арасынан таңдаған.

Төлем карталары ұйымдасқан қылмыстық тізбек бойынша Қазақстан қалаларындағы топтың басқа қатысушыларына банкоматтардағы қаражатты одан әрі қолма-қол ақшаға айналдыру үшін берілген.

Ұсталғандардың барлығы Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың үшеуі бұрын ұрлық, көлік ұрлығы, бұзақылық үшін сотталған.

Бүгінгі таңда интернет-алаяқтықтың 64-тен астам эпизоды анықталды. Келтірілген шығын сомасы шамамен 200 млн теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР