2024-04-26 01:13:52
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Астанада APCDA конференциясы өтті

Астанада APCDA конференциясы өтті

Назарбаев Университеті мен Азия-Тынық мұхиты мансапты дамыту қауымдастығы (APCDA) алғаш рет бірлескен гибридтік конференция өткізді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Шара аясында 80 кездесу өтіп, оған кемінде 28 елден 300-ге жуық онлайн қатысушы қатысады.

Спикерлер ретінде халықаралық мансап орталықтарының басшылары мен кәсіптік бағдар беру саласындағы белгілі сарапшылары сөз сөйледі. Конференцияның оффлайн сессиясын APCDA президенті Момоко Асака ашты.

Конференцияға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те қатысты. Ол жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу арқылы 2023-2029 жылдары Қазақстанда академиялық ұтқырлықтың өңірлік хабын құру сияқты жоғары білім саласындағы негізгі басымдықтарды атап өтті. Министр, сондай-ақ, Қазақстанның жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы – сала мамандарының болжамы бойынша алдағы 10 жылда өзекті болатын немесе өзектілігін жоғалтатын мамандықтар жинағы туралы айтты.

APCDA конференциясы тәжірибешілер аралық алмасу және жаңа ресурстарды ашу үшін пайдалы платформа болып табылады. Бұл мансаптық өсу мамандары, студенттер, педагогтар және болашақ жұмыс пен мансаптық дамуға қызығушылық танытатын зерттеушілер үшін ұйымдастырылған шара. Гибридтік конференция 26 мамырға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР