2021-10-17 18:51:21
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Карантин талабын сақтамаған кафе анықталды

Карантин талабын сақтамаған кафе анықталды 1

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан кафе-мейрамханаларға, ойынхана клубтарына тексеру жүргізді. Кезекті тексеру кезінде Шымкент қаласында Жәнібеков көшесінде орналасқан «Кәусәр» шайханасына мониторинг жүргізу барысында, карантиндік талаптарды сақтамай, бір залда 50 адамнан аса келушілерді қабылдап жұмыс жасап жатқаны анықталды.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Еңбекші ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданып, түсініктеме алынды.

Ал, өткен тәулікте санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 14 мобильдік топ 154 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 3 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Карантин талабын сақтамаған кафе анықталды 3

Осыған орай, қала қонақтары мен тұрғындарына полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және карантин кезінде азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға назар аударуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР