2024-07-27 12:17:06
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жоғары білім саласында ОҚМПУ Қытаймен ықпалдастықты жолға қойды

Жоғары білім саласында ОҚМПУ Қытаймен ықпалдастықты жолға қойды

Мемлекет басшысы білім мен ғылым саласында озық тәжірибелерді игерудің маңыздылығын айтты. Жоғары білімнің сапасын үздіксіз жетілдіру, оны заман ағымына сай бейімдеу, бәсекеге қабілеттілікті арттыруда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті шет елдік жоғары оқу орындарымен ықпалдастық байланыстарды арттыруда.

Еліміздің үшінші ірі орталығы – Шымкент қаласының Қытайдың Сиань қаласымен бауырластық байланыстарын жолға қою міндеттері шеңберінде ОҚМПУ Қытайдағы іргелі жоғары оқу орындары – Сиань шетел тілдері университетімен және Сиань Цзяо Тун университетімен өзара ынтымақтастық келісімдерінің қабылдануына қол жеткізді.

Жоғары білім саласында ОҚМПУ Қытаймен ықпалдастықты жолға қойды

Қабылданған құжаттар жоғары оқу орындары арасында ғылым мен білім жетістіктерінің тәжірибелерімен бөлісуге, ғылыми ынтымақтастықты жолға қоюға, бірлескен академиялық және ғылыми-ізденістік іс-шараларын ұйымдастыруға, ғылыми жарияланымдар бойынша ықпалдастықты арттыруға, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушылар контингенті арасында академиялық алмасулар жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР