2022-11-30 09:37:44
4.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Жасыл ел» еңбек жасақтары қала тазалығына елеулі үлес қосты

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының жабылу салтанаты өтті. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов биылғы маусымды қорытындылап, жобаның маңызына тоқталып өтті.

– «Жасыл ел» еңбек жасақтары – ел аумағында жастарды кең ауқымда қамтыған жобаның бірі. Осы жастар қаланың көгалдандыру жұмыстарына белсене араласып, алаңдарда, саябақтарда абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Еңбектеріңізге алғысымды білдіремін. Жоба одан әрі жалғасын табады, – деді басқарма басшысы.

М.Шотанов жобаға белсене қатысып, қаланың көркеюіне үлес қосқан жастарды Алғыс хатпен марапаттады.

«Жасыл ел» еңбек жасақтарының басты мақсаты – жастарды ізеттілікке, парасаттылыққа баулу және де бәрімізге ортақ қаламыздың тазалығы мен мәдениеттілігін сақтай отырып, осы игі іс-шараны жастар арасында насихаттау. Қаланың студент жастарының бос уақытын тиімді пайдалану және жұмыссыз жастардың санын азайту.

Қалада еңбек жасақтарының биылғы маусымында 1313 жас жұмыспен қамтылды. Жастар қозғалысы алдағы уақытта өз жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР